2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 1-3 сынып оқушыларына профилактикалық дәріс өткізілді.
Полицияның аға майоры Е. С. Қалиев (Меңдіқара ауданы ПБ ОМПС МӨБ УПИ) балалармен «Көшелер мен жолдардағы балалар жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.
Кездесу бастауыш ектептің 85 оқушысын қамтыды. Балалар жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы, көшедегі қауіпсіз мінез-құлық туралы білді және қауіпті жағдайлардан аулақ болу үшін практикалық кеңестер алды.
Мұндай іс — шаралар оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі және әр баланың денсаулығы мен өмірі басты құндылық екенін еске салады.
Жаңалықтар
«Қауіпсіз жол»
Қаралды: 4





